Samgau форумы өтті

8324
Adyrna.kz Telegram

Назарбаев Университетінің талаптары, американдық оқу орындарынан шақырту алу мүмкүндіктері, арманды мақсатқа айналдыру – осы тақырыпта Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері Samgau форумында сөз қозғады.

Альма-матер қабырғасында дәстүрге айналған түлектердің форумы өтті, басты мақсаты оқушыларға кәсіптік бағдар беру болып табылады.

Түлектер мен оқушылар арасындағы бірегей диалог алаңы NIS Түлектер қауымдастығының бастамасымен 100-ге жуық қатысушы жинады.

Зияткерлік мектептің 10-сынып оқушысы Дагмара Ертанатова форум спикерлерінің бірі, 2022 жылдың түлегі Әлішер Бекмұстафаев сияқты болашақта дәрігер болуды армандайды.

Бүгінде Әлішер Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің бірінші курс студенті. Ол өз сөзінде қарым-қатынас жасай білу болашақтың ең маңызды дағдыларының бірі екеніне тоқталды. Өйткені, ақпараттық ағындар қазіргі адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жалпыдан нақтыға қарай диалог құру, тайм-аут техникасын қолдану және әңгімелесушіге эмпатия жасау басқа адамды дұрыс түсінудің немесе сендірудің кілті болып табылады.

2021 жылдың түлегі Аружан Манарбекқызының сөзі оқушылар арасында ерекше қызығушылық тудырды. Аружан Нью-Йорк киноакадемиясының студенті.

 Мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі маңызды шешім. Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты оқушыларға дұрыс шешім қабылдау қиындыққа соғады. Осындай жағдайларда мен түлектерге GAP- year алуға кеңес беремін. Шығармашылық мамандықтарды таңдауға қорықпаңыздар. В.А.Сухомлинский айтқандай: «Әрбір адамның ішінде ұйықтап жатқан құс бар, оны ұшыру үшін, оны ояту керек. Бұл сиқырлы құстың аты -Шығармашылық!» — дейді Аружан өз сөзінде.

Пікірлер