Чехиядағы атыс: елде қаралы күн жарияланды

1491
Adyrna.kz Telegram
Фото: euronews
Фото: euronews

Полиция Карлов университетіндегі қайғылы оқиғаның құрбандарының кім екенін анықтады. Жараланған 25 адамның арасында үш шетелдік бар, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Euronews арнасына сілтеме жасап.

Оқ атқан адам өз-өзіне қол жұмсаған. Оның тағы бірнеше кісі өліміне қатысы болуы мүмкін.

Прага полициясының басшысы Петр Матейчик мәліметінше, қаза тапқандардың барлығы Чехия азаматтары. 25 адам зардап шекті, оның ішінде үш шетелдік – екеуі Біріккен Араб Әмірліктерінен және бір Нидерландыдан келген.

Оқ атқан азаматтың лаңкестік топтармен байланысы жоққа шығарылады. Полиция оның жалғыз әрекет еткені туралы қорытынды жасады.

Университет штабы ұйымдастырған уақытша мемориалда адамдар құрбандарды еске алып, гүл шоқтарын көтеріп, шам жағып жатыр. Чехияда сенбі қаралы күн болып жарияланды.

Хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Президенті Петр Павелге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Еске салайық, 21 желтоқсанда Прагадағы Карл университеті ғимараттарының бірінде атыс болып, 15 адам қаза тапты.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер