Моңғолияның туризмнен түскен табысы алғаш рет 1 миллиард долларға жетті

1087
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Моңғолияның туристік табысы алғаш рет 1 миллиард долларды құрады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Anadolu сайтына сілтеме жасап.

«2023 жылдың 11 айында Моңғолияға 600 мыңнан астам шетелдік турист келді. Осы кезеңде ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында Моңғолияға келген туристердің басым бөлігін ресейлік, қытайлық және оңтүстік кореялық туристерді құрады», - делінген хабарламада.

Ведомствода туристік маусымды ұзарту және туристер санын арттыру мақсатында қарашадан сәуірге дейін қысқы демалысты дамыту жобасы әзірленіп жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда Моңғолия экономикасы, негізінен, тау-кен өнеркәсібі мен минералды ресурстарды экспорттауға тәуелді. Туризм секторын дамыту экономиканы әртараптандырудың ең қолжетімді шешімі ретінде қарастырылады.

Моңғолия үкіметі экономиканы кеңейту және пандемиядан зардап шеккен туризм секторын көтеру үшін 2023, 2024 және 2025 жылдарды «Моңғолияға сапар жылдары» деп жариялады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер