Із-түссіз жоғалып кеткен Серік Нұрқазов табылды

2304
Adyrna.kz Telegram

Атақты қазақ боксшысы, бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазов Алматыдан табылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қалалық ІІБ хабарлағандай, Серік Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына оралды. Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың қайда екенін анықтау үшін арнайы іздестіру тобы құрылғаны атап өтілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 14 желтоқсан Алматыда 64 жастағы Серік Нұрқазовтың жоғалып кеткені хабарланған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер