Тұтқындар лагерін аралағаннан кейінгі өлім. Бүгін - Мұстафа Шоқай қайтыс болған күн

4942
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз беттерінен
Фото: Ашық дереккөз беттерінен

Бүгін тәуелсіздік жолында күрескен алаш азаматы Мұстафа Шоқайдың қайтыс болған күні, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қоғам қайраткері түркі дүниесінің бірігуі идесын ұстанып, тәуелсіздік үшін күрескен тарихи тұлға. Мұстафа Шоқай:

"Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсiздiгi болуы мүмкiн бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, бiлмейдi де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесi. Ал ұлттық рухтың өзi ұлт азаттығы мен тәуелсiздiгi аясында өсiп-дамиды, жемiс бередi", - деген еді.

Мұстафа Шоқай 1941 жылдың неміс лагерьлеріндегі түркістандықтарға көмекке келген еді.  Ол 1941 жылдың тамыз-қараша айларында тұтқындарды өз мақсат-мүдделеріне орай пайдалануды көздеген неміс командованиесінің тапсырмасымен, қажетті мағлұматтарды жинау үшін концлагерьлерді аралайды.

Алайда Мұстафа Шоқай кенеттен қайтыс болады. Оны 1941 жылы Берлиндегі Виктория ауруханасына ауыр хәлде жеткізілді. Сол жылдың 27 желтоқсанында ешкімге түсініксіз, жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес Шоқай қандағы бөртпе сүзегінің асқынуынан қайтыс болғаны айтылады. Ал бұл дертті қайраткер концлагерьлерді аралап жүріп жұқтыруы мүмкін деп болжаған.

Бірақ қайраткердің жары, опера әншісі Мария Горина күйеуінің бұл дертпен Түркістанда жүріп жазылғанын, тіпті оған қарсы тұратын күш-қуаты барын айтқан-ды.

Түркістан үшін от кешкен қайраткер Мұстафа Шоқай Берлиндегі түріктердің зиратында жерленген.

Пікірлер