Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева үш рет жеңіске жетті

5814
Adyrna.kz Telegram
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күнінде қатарынан үш ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

19 жастағы шахматшы Әзірбайжан мен АҚШ-тан келген қарсыластарын, тағы бір қазақстандық Ксения Балабаеваны жеңіп, 8 турда 5,5 ұпай жинады. Бибісараның жеңісті сериясы 34-ші орыннан 12-ші орынға көтерілуге ​​мүмкіндік берді.

Биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1 миллион АҚШ доллары.

Айта кетейік, үздік отыздыққа тағы үш қазақстандық шахматшы кірді - Зарина Нұрғалиева (5 ұпай, 20-орын), Назерке Нұрғали (5 ұпай, 24-орын) және Ксения Балабаева (5 ұпай, 27-орын).

Пікірлер