Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайының аэродромы жабылды

1266
Adyrna.kz Telegram
shutterstock
shutterstock

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайының аэродромы жабылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«30 желтоқсанда сағат 09.30-дан 12.00-ге дейін ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Астана халықаралық әуежайының аэродромы жабылды», - делінген хабарламада.

Қазір елорда әуежайына келген 27 рейс кейінге шегерілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе компаниялары да әуежайда ұшып-қону үшін рейстерін кейінге қалдыруға шешім қабылдады.

Сондай-ақ желтоқсанның 30-ына қараған түні ауа райының қолайсыздығынан Астана әуежайынан келетін және баратын 31 рейс кейінге шегерілгені хабарланды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер