Петропавлда зейнеткерді аяусыз өлтірген департамент қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

1831
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің 28 жастағы қызметкері пәтер иесін аяусыз өлтірген. Ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Михаил Малеев Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментінде маман болып жұмыс істеп, Петропавлда 64 жастағы зейнеткерден жалға алған пәтерде әйелімен бірге тұрған. 25 мамырда ер адам үй иесіне төлемді кейінге қалдыруды сұрап келген. Алайда зейнеткер одан бас тартады деп ойлап, өзімен бірге пышақ алып кеткен.

«Зейнеткер кейінге қалдырудан бас тартқан соң, ер адам пышағын алып, қатыгездікпен оның кеудесіне, ішіне және басының артқы жағына бірнеше рет соққы бере бастаған. Соққылардан кейін пышақтың жүзі деформацияға ұшырап, майысқан. Сотталушы асхана үстелінен тағы бір пышақты алып, екінші пышақ та майысқанша ұруды жалғастырған», - деп жазады басылым қылмыстық іс материалдарына сілтеме жасап.

Артынша ер адам үйге спирттік ішімдік шашып, өртеп жіберген.

Өткен жылдың қазан айында 28 жастағы Малеев сот алдында жауап берді. Процесс барысында сотталушы кінәсін мойындады. Қылмыскердің айтуынша, әйел адам оны қорлаған, оқиғаға осы жағдай себеп болған. Бірақ сот бұл айғақтарды ескерген жоқ.

Прокурор Михаил Малеевтің қылмысын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес «ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру» деп саралап, 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот Малеевті 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер