Анасын іздеген Мұрат оралам деп кетті

1722
Adyrna.kz Telegram

Испаниядан Қазақстанға анасын іздеп келген Мұрат Севальев Қазақстанға қайта оралатынын айтып, Тайландқа ұшып кетті, деп жазады “Адырна” тілшісі. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті. 

Жазбасында ол қазақстандықтарға қонақжайлылығы және шынайы жанашырлығы үшін алғысын білдіріп визасының уақыты аяқталып, туған жерден кетуі керек екенін атап өтті.

”Бірақ мен жақында ораламын. Мен туған анамды іздеу жұмысын тоқтатпаймын. Кеше Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясына менің атымнан сот отырысына қатысуға, маған қатысты кез келген мәліметке қол жеткізуге, менің атымнан арыз, өтініш, шағым жазуға заң бойынша толық рұқсат бердім. Қазақстанға келгелі қаншалықты эмоционалды күйде болғанымды көрдіңіздер, мен үшін тым ауыр күндер болды. Нәтижесінде мен өзіме біраз уақыт бөлуді жөн көрдім, сондықтан Испанияға бірден қайтпаймын, бірер күн Тайландта боламын” деп жазды ол.

Мұраттың мұратына жетуіне көмектескен Қазақ радиосының “Бармысың, бауырым?” бағдарламасына алғысын айтты:

“Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы 2002 жылғы қаңтарда Арқалық қаласының перзентханасына ұлын тастап, қолхат жазып кеткен, архивтік ресми құжаттар негізінде менің туған анам болып саналатын әйел табылды. Ол әйелге қазір редакция екінші рет ДНҚ сараптамасын жасап жатыр. @kymbatdoszhan & @asel_asqarqyzy сіздер іздей беріңіздер! Алда көп жаңалық болады деп сенемін, - деп жазды Мұрат.

 

Пікірлер