Атырауда отшашу салдарынан тұрғын үй қабырғасы өртенді

1418
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Атырауда отшашу салдарынан тұрғын үйдің сыртқы қабырғасы өртенді. Бұл туралы  ATYRAU ONLINE  Telegram арнасыны видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, тұрғындарды эвакуациялап, ғимаратты қоршауға алған.

Кейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Instagram желісіндегі парақшасында өрттің сөндірілгенін хабарлады. 

"Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына отшашу себеп болған", - деді ол.

Пікірлер