АМТ шахтасындағы қайғылы оқиғаға кінәлілер анықталды

1014
Adyrna.kz Telegram
фото: ҚазТАГ
фото: ҚазТАГ

ТЖ министрі Арселормиттал Теміртау (АМТ) шахтасындағы қайғылы оқиғаға кінәлілерді атады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ГосАрхив телеграм-арнасына сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ-де Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің және "Қазақстан" шахтасында бес кеншінің өлімі үшін жауапқа тартылатын 19 жауапты лауазымды тұлға тексеріліп, анықталды. Бұл туралы ТЖ министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді.

"Бұл қарапайым қызметкерлер емес, олар тікелей жауапты инженерлік қызметкерлер. Бұл жауапты шенеуніктер. Олардың тізімі мен осы іске қатысты материалдар тергеу органдарына тапсырылды, олар тергеу жүргізеді және сот олардың кінәсін анықтайды", - деді Шәріпханов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер