Заңсыз берілген 10 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

1139
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Заңсыз берілген және пайдаланылмаған 10 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Оның 2,8 млн гектары жергілікті фермерлерге, өңірлердің тұрғындарына қайта бөлінді. Бұдан бөлек, осыған дейін пайдаланылмаған 3,4 миллион гектар жерді иелері игеруге кірісті»,—делінген хабарламада.

Министрлік Мемлекет басшысының өз Жолдауында заңсыз үлестірілген және пайдаланылмай бос жатқан 10 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма бергенін атап өтті. 

«Үкімет бұл тапсырманы 2022-2023 жылдары толық орындады. Бүгінде ауыл шаруашылығы министрлігі елдің стратегиялық ресурсын ұтымды пайдалану жөніндегі міндеттер кешенін іске асыруды жалғастыруда. Ал негізгілерінің бірі – ауылдық округтердегі елді мекендердің айналасындағы жайылым тапшылығын азайту»,—деп толықтырды басқарманың баспасөз қызметі.

Пікірлер