Бұрқасын боран. Астана - Щучье тас жолы жабылды

1195
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз бетінен
Фото: Ашық дереккөз бетінен
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылуда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
14 қаңтардан бастап республикалық маңызы бар Астана – Петропавл тас жолының Астана-Шучье учаскесі барлық көлік түрі үшін жабылды. Бұл туралы Астана төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Өңірде бұрқасын мен желдің салдарынан жол көрінбейді.
"14 қаңтар сағат 04:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, екпінді жел, бұрқасын, көрінудің шектелуі 50 м) республикалық маңызы бар Астана-Петропавл автожолдың (18-234 шақырымы) Астана-Шучье учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабық", - делінген ТЖ таратқан хабарламада.
Пікірлер