21 миллион теңге. Түркістан облысында банк қызметкері тұрғындардың атынан несие алған

1190
Adyrna.kz Telegram
фото: Inbusiness.kz
фото: Inbusiness.kz

Түркістан облысында банк қызметкері тұрғындардың атынан несие алған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеп.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесіне бір топ жергілікті тұрғындар хабарласып, шағымданған. Жәбірленушілердің хабарлауынша, олардың атына белгісіз біреу несие рәсімдеп қойған.

Құзырлы орган қызметкерлері аталған фактіні «Алаяқтық» бабы бойынша тіркеді.

Күдікті 31 жастағы банк қызметкері болып шықты. Ол өз қызметін пайдалаып, өзге адамдапдың құжаттарын пайдаланып, 70 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін несие берген.

«Ер адам 47 адамды алдады деген күдікке ілінді. Келтірілген жалпы шығын шамамен 21 миллион теңге болды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп хабарлады ІІМ.

Пікірлер