Қазақстан Президенті 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады

1348
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп  хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.   

Сонымен қатар, Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.  

 Президент келесі күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.   

 Бұдан бөлек, Президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.

 

Пікірлер