Майқайыңдағы апат. Автобустың тағы бір бөлшектері мен адамдардың каскасы табылды

2167
Adyrna.kz Telegram

«Майқайыңалтын» АҚ тау-кен ауданында апанға құлаған автобустың бөлшектері мен құтқарушылардың каскасы табылды. Бұл жайлы журналист Оңғар Қабден оқиға болған жерден ақпарат таратты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, апаттың болғанына 14 күн болды. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетсек,  4 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ шахтасына құтқарушылар мінген автобус құлап кетті.

«Апат кезінде автобуста 4 адам болған: КӘАҚҚ РОШ Павлодар филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ», – деп хабарлады бастапқыда Облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Кейін «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ТЖД құтқарушылары құмнан 2 адамның мәйіті табылғанын  жариялады.

5 қаңтарда кеніш аумағында іздестіру-құтқару жұмысы аяқталмағаны, шахтаға құлап кеткен 2 адам әлі табылмағаны мәлімделді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер