Rixos Borovoe қонақүйі адамдардың жаппай уланғаны үшін айыппұл төледі

914
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Миллиардер Болат Өтемұратовқа тиесілі Rixos Borovoe қонақ үйінде адамдардың жаппай уланғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТагқа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Бурабай курортында 2023 жылдың 8 қыркүйегінде Rixos қонақ үйінде мекеменің 21 қызметкерінде бактериялық ішек инфекциясы анықталған. Тоғыз қызметкер Көкшетау ауруханасына жеткізілді. Содан кейін санитарлық қызметтер "Burabay Hotel Management" ЖШС қонақ үйіне тексеру жүргізді.

Зерттеу нәтижелерінен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен шұжық өнімдері анықталған.

"Burabay Hotel Management" ЖШС ҚР ӘҚБтК 425 – бабының 2-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және осы бойынша мемлекет кірісіне 4 830 000 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдансын", - делінген Бурабай аудандық сотының қаулысында.

Forbes журналының рейтингісіне сәйкес, Rixos Borovoe қонақ үйі белгілі кәсіпкер Болат Өтемұратовқа тиесілі.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер