"Бейіттің қасында келе жатырмын". Атырауда 11 күн бұрын жоғалған адам іздестірілуде

2308
Adyrna.kz Telegram
фото: Оркен-Media
фото: Оркен-Media

Атырауда 11 күн бұрын жоғалып кеткен адам әлі іздестірілуде, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі AtyrauPress-ке сілтеп. 

Жылыой аудандық полиция бөлімі 9 қаңтар күні аудан тұрғынын іздестіріп жатыр. 1985 жылы туған азамат белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін үйіне оралмаған.

39 жастағы азамат 9 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында “коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім” деп анасына хабарласқан көрінеді. Алайда одан кейін байланыс үзілген.

Іс-түссіз жоғалған адамды іздеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.

Пікірлер