Қайрат Сатыбалдының иелігіндегі “Байсат” базарының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды

950
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі «Байсат» базарының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды. Бұл шешімді Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«2024 жылдың 17 қаңтарында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Алматы жылу» холдинг кешенінің («Байсат» базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

Сотта қызмет бейінін сақтау және иеліктен шығаруға тыйым салу туралы шарттың талаптарын сақтамай, кешенді заңсыз сату фактілері расталғаны айтылды. Міндетті сату шартынсыз 4 жыл бұрынғы мүлікті бағалау туралы өзексіз есеп көрсетілген.

“Жалпы ауданы 4 221,4 м2 3 объектіден және 1,4 га жерден тұратын мүлік Бауыржан Нұрсұлтанға (Қайрат Сатыбалды ұлы) тиесілі "ҚазГерСтрой бірлескен кәсіпорны" ЖШС және "Astana Finansial Group" ЖШС өзара үлестес компанияларының меншігінде болған», - деп хабарлады прокурорлар.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу кезінде Қайрат Сатыбалды «Байсат» базарының біраз бөлігін өз еркімен қайтарған болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер