"Ойлы болсаң, озып көр!" Шымкентте шахмат жарысы басталды

838
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында шахматтан «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасының аясында «Ойлы болсаң, озып көр!» жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл туралы журналист Балтабек Түйетаев жазды. 

Қазақстанның түкпір -түкпірінен келген зияткер жастар интеллектуалды ойын, ақыл жарысы шахмат өнерінен бақ сынауда.
"Ойлы болсаң, озып көр!" байқауының басты мақсаты - интеллектуалды жас тұлғаларды тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру.
Көрме орталығында жарысқа қатысушыларға, ата-аналарға барлық жағдай жасалынған.
Балтабек Түйетаев аталмыш білім сайысына ат салысқандарға алғысын айтты:
"Шымкент қаласының билігіне, Қазақстан шахмат федерациясының ұжымына интеллектуалды ұлт жанашырларының алғыстан басқа айтары жоқ" деді ол.
Пікірлер