Қарқаралыда жаңа баспана кілттері табысталды

1114
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Қарқаралы қаласы Т.Әубәкіров көшесі 135 В және 135 Г мекен-жайындағы жаңадан салынған 18 пәтерлі екі тұрғын үй пәтерлерінің кілттері салтанатты түрде табыс етілді.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын арнайы қатысып, баспаналы болған отбасыларды қуаныштарымен құттықтап, бірқатар тұрғындарға пәтер кілттерін табыстады.

 

Осындай рәсімді аудан әкімі Әділжан Арғынов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ойрат Жүкібаев атқарды.

Тұрғындар атынан еңбек ардагері Төлеутай Нұрғалиұлы мен Зинаида Махмудқызы ізгі тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.

Пікірлер