Кабирхан Дубайда өткен жарыста тағы да жеңіске жетті

1858
Adyrna.kz Telegram
Фото: БҚО Бәйге федерациясы
Фото: БҚО Бәйге федерациясы

Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде қазақстандық Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан мәре сызығын тағы да бірінші болып кесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

БҚО бәйге федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық сәйгүліктің қарсыластары қатарында былтырғы окс чемпионы Мими Какуши және классиканың үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болды.

Бәйгеде 12 тұлпар бақ сынады.

Осылайша, Кабирхан 1 млн доллар еншіледі.

Енді наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубокте бақ сынайтын болады. Онда 7 млн доллар сыйлықақы уәде етілген.

Айта кетейіе, Кабирхан – атақты Калифорния Хром атты сәйгүліктің ұрпағы. Әкесі Калифорния өз тарихында Дубай чемпионы болған тұлпар.

Пікірлер