Мәйітті көрсетпеген. Башқұртстанда Фаил Алсыновты қолдағандардың бірі көз жұмды

1061
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Башқұртстанда Фаил Алсыновты қолдау акциясына қатысқан төрт адам екі айға қамауға алынған. Алайда ұсталғандардың бірі қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Настоящее Время" сайтына сілтеме жасап.

17 қаңтарда Баймақ қалалық сотында белсенді Фаил Алсыновқа төрт жыл бас бостандығынан айырып, абақтыға жабу үкімі оқылды.

18 қаңтар күні Башқұртстандағы Баймақ қаласының он мыңнан аса тұрғыны сот ғимаратының алдына митингіге шыққан. Басылымның ақпаратынша, 20 шақты адам медициналық көмек алған.

19 қаңтар күні Башқұртстан астанасы Уфада жүздеген адамның қатысуымен ереуіл акциясы өтті. Алсыновтың жақтастарын полиция қамауға алған.

Азаттықтың ақпаратынша, наразылық білдіру акциясы кезінде ұсталғандардың бірі Рифат Даутов қаза тапқан. Даутовтың өлімін марқұмның әпкесі Залия Даутова хабарлаған.

Ол інісінің Уфада орталық алаңда акция өтіп жатқан кезде сол маңға жақын жерде болғанын айтады.

Кейіннен 19 қаңтарда Даутовқа полиция қызметкері ескерту жасаған көрінеді. 25 қаңтар күні қаладан шыққан Даутовты арнайы жасақ белгісіз жерге алып кеткен. Көп уақыт өтпей Даутовтың денесін тануға туыстарын шақырып, мәйітханада оларға марқұмның денесін көрсетпеген.

Пікірлер