Майқайыңдағы апатқа 25 күн. Автобустың дөңгелегі табылды

1043
Adyrna.kz Telegram
Павлодар облыстық ТЖМ
Павлодар облыстық ТЖМ

Павлодар облысының Баянауыл ауданы Майқайың кентінде құтқарушылар аударылған автобустың дөңгелігін тапты. Бұл туралы журналист Оңғар Қабден жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бүгін апаттың болғанына - 25 күн. Құтақарушылар автобуста болған 2 адамды әлі іздестіруде.

Облыстық ТЖД мәліметінше, «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы шұңқырда гидравликалық балғасы бар экскаватор жұмыс істеп жатыр.

«Сол арқылы үлкен тастар ұсақталуда. Осылайша, шағын экскаватор жолды тазартып жатыр. Кеше экскаваторлар шамамен 45 текше метр топырақты қайта шығарумен айналысты. Гидравликалық балға арқылы экскаватор үлкен тасты 60% ұсақтады. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен жолды тазартып жатыр. Тау жынысының қайта құлау қаупі сақталады», - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ,  4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы шұңқырға 4 жолаушысы бар автобус құлап кеткен еді. Опырылған жердің ұзындығы – 150-200 метр, ені – 500 метр, тереңдігі – 150 метр.

2 құтқарушының денесі табылды. Құтқарушылар қалған 2 адамды әлі іздеп жатыр. 

Пікірлер