Бүркітші қыздың отбасы Қазақстанға көшіп келді

1529
Adyrna.kz Telegram

Бүркітші қыз” атанған қандасымыз Айшолпанның отбасы Қазақстанға көшіп келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп. 

«Мен Қазақстандамын, бір аптадай бұрын ата-анам мен бауырларым көшіп келді. Өзім Алматыдағы С. Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4-курста оқимын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын», - деді Айшолпан Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.

Сондай-ақ отандасымыз бүркіт баптау өнерін тастамағанын айтты.

«Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. Себебі оқудан қол тимейді», - дейді бүркітші қыз.

Еске салсақ, 2018 жылы қарашада бүркітші Айшолпан туралы фильм шыққан болатын. Ал 2019 жылы Моңғолия композиторы жерлесіміздің құрметіне өз туындысын арнады. Сондай-ақ 2022 жылы бүркітші Айшолпан туралы ағылшын тілінде кітап шықты.

Пікірлер