Балықшылар мінген көлік мұз астына түсіп кеткен

885
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қарағанды ​​облысы Осакаров ауданы Молодежный ауылынан алыс емес жерде Қаныш Сәтбаев каналында Renault көлігі мұзға құлап кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Көлікте үш балықшы болған, екеуі аман шығып, ал үшіншісін құтқарушылар іздестіруде. Белгілі болғандай, үш үшеуі каналда балық аулап жүрген.

Түнде сағат 02:16-да 112-ге Қ.Сәтбаев каналының №10 су электр торабында «Рено» жеңіл көлігінің мұзға құлағаны туралы хабарлама түскен.

“Көлікте үш адам болған. Екеуі өз бетімен шығып, медициналық көмекті қажет етпеді. Төтенше жағдайлар қызметі 1985 жылы туған үшінші азаматты іздестіруде”, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар ер адамды ағыс алып кеткен деп болжайды. Оны іздеу жұмыстары жалғасуда.

Айта кету керек, Қаныш Сәтбаев атындағы канал – жай балық шаруашылығы су қоймасы емес, ауыз сумен қамтамасыз ету көзі, арнаға су мезгіл-мезгіл айдалады, соның нәтижесінде су мұзды шайып, мұздың жұқа бөліктері мен жарықтар пайда болады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер