Ресейлік балуан "Қазақстан азаматы" атанды

5086
Adyrna.kz Telegram
Фото: 1bol.kz
Фото: 1bol.kz

Ресейлік легионер Начыын Куулар Қазақстан азаматтығын алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі  Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

«Начын Куулар ел чемпионатында Шымкент атынан күреседі. Бірақ, қазір ол халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан белдесе алмайды, өйткені спорттық азаматтығы әлі жоқ», - делінген Спорт және дене шынықтыру комиетінің хабарламасында.

28 жастағы балуан Ресей атынан сынға түсіп, Еуропаның қола жүлдегері атанған болатын.

Бірақ, Начын Куулар Париж олимпиадасына бара алмайды. Спорттық бәсекенің талабына сәйкес күрес түрлерінің өкілдері жаңа елге ауысқанда 3 жыл әлемдік жарыстарға қатыспайды.

Пікірлер