Алматыда әріптесін абайсызда өлтіріп алған полицейге үкім шықты

1008
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Алмалы аудандық сотында өзінің әріптесін абайсызда атып өлтірген полицейге үкім шықты. Бұл туралы Алматы қаласының соты мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, қайғылы оқиға былтыр жазда болған еді.

«Сотталушы ғимаратты күзету бойынша ауысымға келген. Әрі қарай оның әріптесі табельдік қаруды алғаннан кейін К. есімді сотталушыдан белбеуін бекіту үшін қаруды ұстай тұруын өтінген. Табельдік қаруды алған сотталушы оны қолданудың барлық ережелерін елемей, төмен және жоғары тербете бастаған. Салдарынан сотталушының абайсызда атқан оғы марқұмның басына тиген», - делінген қалалық сот хабарламасында.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген. Ал прокурор оны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

«Сот Қылмыстық кодекстің 104-бабы 1-бөлігімен сотталушыны 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Одан жәбірленушінің туыстарына 10 млн теңге моральдық залал және шамамен 3,5 млн теңге материалдық залал өндіріп алынды», - деп мәлімдеді ведомство.

 

Пікірлер