Тағы да Alphard... ҚазАвтоЖол қызметкері қаза тапты

1069
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

10 ақпанда Самара-Шымкент автожолының 1285-шақырымында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға салдарынан қызметтік міндетін орындау барысында ҚазАвтоЖол Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Сақтапберген Бақытжанұлы Сыдықов қайтыс болды.

«Самара-Шымкент» автожолында Арал ауданы, Сазды ауылы маңында қатты жылдамдықпен келе жатқан Toyota Alphard көлігі жол бойында тоқтап тұрған көлікке соқтығысқан, сол уақытта автокөлік ішінде компания қызметкері жұмыс істеп отырған.

Қызметкер оқиға орнында жан тапсырған.

Сақтапберген Сыдықов 6 жылдан астам уақыт ҚазАвтоЖол Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып жұмыс істеген. Марқұмның артында төрт баласы мен жары қалды.

“ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ марқұмның отбасына компания тарапынан көмек пен барлық қажетті қаржылық қолдау көрсететінін жеткізді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер