Ермек Серкебаевтың Техастағы немересі марапатқа ие болды

943
Adyrna.kz Telegram
Фото: Дидар Байжанов
Фото: Дидар Байжанов

Қазақстандық мұхиттағы дауыл кезінде адамдарды құтқарғаны үшін АҚШ үкіметінің наградасын алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дидар Байжанов атақты алматылық отбасында туып-өскен. Ол Қазақстанның көрнекті опера әншісі Ермек Серкебаевтың немересі.

Бүгінде Дидар Хьюстонда (Техас штаты) тұрады және АҚШ теңіз сауда флотында мұнай танкері капитанының аға көмекшісі болып жұмыс істейді

2023 жылдың мамыр айының соңында француз отбасын – ерлі-зайыптылар мен олардың кішкентай балаларын ашық мұхиттағы қатты дауыл кезінде құтқаруға қосқан үлесі үшін Америка Құрама Штаттарының Көлік министрлігі ержүрек офицерді «Үздік жетістігі үшін» медалімен марапаттады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер