Астанада 40 тонналық екі контейнер өртеніп кетті

1047
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада Байқоңыр ауданындағы қоймада сағат 04:59-да 40 тонналық екі контейнерден өрт шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Сағат 07:06-да өрт сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 9 адамы мен 2 шұғыл әрекет ету техникасы жұмылдырылды”, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер