Азия чемпионаты: Ел қоржынына алғашқы күнде үш медаль түсті

1783
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sport Plus Qazaqstan
Фото: Sport Plus Qazaqstan

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Азия чемпионатында үш медаль еншіледі, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Sport Plus Qazaqstan-ға сілтеп.

Тегерандағы біріншіліктің алғашқы күнінде елімізден аттанған спортшылар үш медальды қанжығаға байлады.

60 метрге кедерігемен жүгіруде қазақстандық Давид Ефремов финалда аталған қашықтықты 7.60 уақытта бағындырып, Азия чемпионы атанды.

Ал спортшы Иван Иванов ядро лақтыруда күміс жүлде иеленді.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Аяна Болатбекқызы үшінші орынға жайғасты. Ол 1500 метрге жүгіруде қола жүлдеге қол жеткізді.

Пікірлер