"Төлей алмаған". Туған қызына 1 миллион теңге қарызы бар әке ұсталды

1617
Adyrna.kz Telegram

Ер адам өз қызына бір миллион теңгеден астам алимент төлемеген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері жеті жыл бойы кәмелетке толмаған баласына алимент төлеуден жалтарған азаматты ұстады.

Оның қарыз сомасы бір миллион теңгеден асқан.

Алимент төлеуден қашқан әке Тарбағатай ауданында ресми түрде жұмыс істемеген. Сол себепті де ол қаржылай төлемді өтемеген.

Дегенмен ер адам міндетті түрде жұмысқа орналасатынын және перзентінің алдында қарыздарын өтейтінін айтты.

Пікірлер