Қазақстандағы локомотив зауыты америкалық компанияның иелегіне өтті

890
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Америкалық Wabtec компаниясы енді Қазақстандағы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ акцияларына толық иелік етеді. Бұл туралы Railway Supply мәлімдеді,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, былтыр қазан-желтоқсан айларындағы есепке сәйкес, Wabtec ЛКЗ акцияларының 50% 81 миллион долларға сатып алды.

Айта кетсек, бұған дейін акциялардың жартысына "Трансмашхолдинг" АҚ иелік еткен еді.

"Бұл қадамға 2023 жылғы қарашада Қазақстандағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойғаннан кейін барған. Осы құжатта көрсетілген барлық мәміле орындалса, Wabtec-тің Қазақстанға техника жеткізуден түскен пайдасы 2 миллиард доллар болады", – деп атап өтті портал.

Ал ҚТЖ ұлттық теміржол компаниясы локомотив паркінің 15 пайызын жаңартып, 240 Wabtec локомотивін сатып алу үшін америкалық Citibank-тен 900 миллион доллар қарыз алуды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Wabtec компаниясының бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдады. Кездесуде Қазақстанның теміржол саласын қайта құру аясында Wabtec компаниясымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Пікірлер