Бақытжан Базарбек сот шешімінсіз қалған бірнеше фактілерді атап депутаттық сауал жолдады

1389
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты, заңгер Бақытжан Базарбек сот шешімін таппай, назардан тыс қалған елдегі бірнеше құқықтық фактілерді атап ҚР Премьер-министрі мен Бас Прокурорға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Депутат жер және құрылыс саласындағы орындалмай отырған сот шешімдеріне қатысты мәселені қозғады. Алматы қаласындағы бірнеше заңсыз деп танылған тұрғын үй кешендерінің әлі күнге дейін сот шешімін таппай отырғанын баса айтты:

“Алматыда "Швейцария", "Граф", "Люксембург", "Французский дом" сияқты тұрғын үй кешендері бойынша соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша заңсыз деп танылса дағы, соттың шешімін орындауға мемлекеттің қауқары жетпей тұр. Бостандық ауданында Ескі Қазақстан өкілдеріне тиесілі Халық банк, Құса-халық иелігінде болған өзеннің су қорғау аумағына кіретін көлемі 52 гектар жер учаскесін соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша мемлекеттік меншікке қайтарылған болатын” деді ол.

Іс жүзінде жер қайтарылса да, құрылыс жұмыстарын ешкім токтата алмай жатқанын қоса кетті ол.

Сондай-ақ, Бақытжан Базарбек бұрынғы иелері су қорғау аймағын өзен арнасымен бірге топырақпен тегістеп, көп қабатты тұрғын үйді көтеруге жан жақты жұмыс жүргізіліп жатқанын өз көзімен көріп қайтқан.

“Атақты Рахат базарының 200 жуық  саудагерлерінің жер дауын алыңыз, 2022 жылы Алматы қалалық соты кезінде Бауыржан Байбектің 3 жылдан кейін заңсыз қаулысын бұзып жеңіске жетсе дағы, саудагерлер базар жерін әлі де даулап ала алмай жүр. Ал Шымкентте заңсыз СПК "Шымкент" ке берілген аумағы 77 гектар болатын 46 жер телімдерін жергілікті Жер инспекторлары сотқа беріп, заңсыз шығарылған әкімдердің қаулылары мен жалға алу шарттарын бұзды” деді Бақытжан Базарбек.

Аталмыш жайттарға қарамастан Шымкент қаласының әкімдігі әрекетсіздік танытып отырғанын баса айтты:

“46 жер учаскесініңішінде «Шығыс Монтаж Строй»мекемесіне тиесілі жер мемлекеттік меншікке соттың шешімімен қайтса дағы, соттың шешіміне қарамастан дәл сол жерде жаңа «Ұлы дала» тұрғын-үй кешені құрылысын бастап кетті. Бұл тұргын-үй кешенін соғуды токтатындар деген соттың шешімі шықты, заңды күшіне енді, бірақ та соттың шешімін орындатуға мемлекеттік органдардың тісі батпай отыр. Бұл жағдай Хендай орталығы аймағында көп қабатты тұрғын үй соғуға берілген 2 жер телімі соттың шешімімен қайтарылса да, іс жүзінде заңды шешім тағы да орындалмай отыр” деп қосты ол.

Онымен қоса елордадағы заңсыздық туралы да тілге тиек етті:

“Астанада "Дублин", "Сенсата билд" және "Вашингтон" тұрғын үй кешендері құрылыс жүргізу рұқсат құжаттарынсыз ғана емес, тіпті жерге тиісті құқықты алмай заңсыз құрылысын бастап кеткен.  2022-2024 жылдары аралығында шығарылған соттардың шешімдеріне сәйкес елордадағы құрылысты тоқтату және көтерілген тұрғын-үйлерді сүру міндеттелсе де, соттың шешімін орындайтын компания жоқ” деді депутат.

Бақытжан Базарбек еліміздің 3 ірі негізгі қалаларындағы ГАСК саласындағы уәкілетті органдары, қала прокуратуралары, әділет Департаменттері мен КДС-і бар, шығарылған сот шешімдерін орындатуға, міндеттеуге қауқары жетпей отырғанына наразылық білдірді.

“Президентіміз айтқандай Заң диктатурасын орнату және сот шешімдерінің мүлтіксіз орындалуымен ғана біз – Әділетті Қазақстанды орнатамыз. Сондықтан, жоғарыда келтірілген фактілер бойынша барлық шешімдер тезарада сот актілерінің негізінде қабылдануы тиіс” деп аяқтады депутаттық сауалын мәжілісмен.

 

 

 

Пікірлер