Алматыда сейсмикалық жаттығулар кезінде жер сілкінді. Бұл туралы Сейсмологиялык зерттеу институты айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«2024 жылғы 23 ақпанда сағат 10:08-де жер сілкінісі тіркелді. Оның эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 259 км жерде) орналасқан. Зардап шеккендер мен ғимараттарға зақым келгені туралы ақпарат жоқ. Жағдай тұрақты»,—делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Алматыда жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау үшін оқу-жаттығу өтті. Таңғы сағат 10:00-де қала бойынша дабыл жүйелері іске қосылды.