Көлік аударылып қалған. Жетісу облысында болған жол апатынан 2 адам қайтыс болды

2128
Adyrna.kz Telegram
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Алматы-Өскемен тас жолының 211-ші шақырымында, Көксу ауданында болған.

"Toyota Camry жүргізушісі рөльді басқара алмай, көлік аударылып кеткені анықталды. Апат салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы екі адам түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жеткізілді», - делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер