Сұрағы көп тағы бір сот елеусіз өтті. Шенеунік "зорлады" деген адамның өзі 3 жыл түрмеге кесілді

1953
Adyrna.kz Telegram
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Павлодар облысында әкімнің орынбасары  "зорлады" деген адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемде ақша бопсалау ісі бойынша үкім шығарды.

Істе жәбірленуші болып Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов танылған. Ол 39 жастағы павлодарлық әйелді өзін бопсалады деп айыптаған.

Алқабилер үкімді 4 мамыр күні шығарды.

“Оны 194-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы (Бопсалау) бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтеу жазасы тағайындалсын», – деді сот Нұрлан Айтбаев.

Алқабилер "зорлады" деп әкімнің орынбасарын айыптаған әйелді бірауыздан кінәлі деп тапты.

“Ерекше күтімді қажет ететін балаңыздың бар екенін ескере отырып сот ең жеңіл жаза тағайындады”, – деді сот.

Айыпталушы сот залында қамауға алынды.

Айта кетейік, желі қолданушыларының бірі Батырғожинов павлодарлықты зорлады деп айыптаған еді. Артынша қылмыстық іс қозғалып, дерек расталмады деп хабарланған. ІІМ басшысы Ержан Сәденов зорлау дерегі расталмағаннан соң іс тоқтатылғанын хабарлаған болатын.

Пікірлер