Әулиелер елінде. Адамдар жаппай астан уланды

784
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғындары жаппай уланды. Науқастардың айтуынша, олар дәмханаға барғаннан кейін өздерін нашар сезіне бастаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

23 ақпан күні кешке «Али-ман» мекемесіне барған 23 адам облыстық орталық ауруханаға жатқызылды. Жұқпалы аурулар бөліміне 15 адам жіберілді, оның ішінде балалар да, ересектер де және 19 апталық жүкті әйел бар. Сегіз адам үйінде ем қабылдап жатыр.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Маңғыстау облысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер