Ерлан Қарин құмар ойындарына қарсы жоспар әзірленіп жатқанын хабарлады

840
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин лудомания, құмар ойындарының жастар мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіре бастағаны туралы айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы мемлекеттік кеңесші 26 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысында сөз етті.

Оның айтуынша, әлеуметтік зерттеу бойынша, әрбір бесінші адам лудомания дертіне шалдыққан, сондай-ақ елдегі ажырасулардың басым бөлігіне осы құмар ойындары себеп болып отыр.

Осы мәселеге қатысты мемлекеттік кеңесші құмар ойындары мен ойын бизнесіне қарсы жоспар әзірленіп жатқанын, жұмыс барысы толық бақылауда болатынын хабарлады.

“Осы жоспарды толықтай аяғына дейін жеткізуді тапсырамын. Құжат қабылданғаннан кейін, жұмыс барысы қалай орындалып жатыр – бәрі қадағаланатын болады. Бұл біздің соңғы кездесуіміз емес. Біз сіздермен тұрақты түрде кездесіп тұратын боламыз. Сондықтан бұл құжаттың қабылдануын біз өз бақылауымызға аламыз”, - деп нақтылады Ерлан Қарин.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер