Астана әкімдігі LRT үшін пойыздар сатып ала бастағанын хабарлады

929
Adyrna.kz Telegram
Sputnik / Владислав Воднев
Sputnik / Владислав Воднев

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысы қарқынды жүріп жатқанын мәлімдеп, ведомство LRT үшін вагондар сатып алу жұмыстарын бастағанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Биыл біз эстакадалық бөлік толығымен аяқталады деп жоспарлап отырмыз, яғни бетон жұмысы, эстакада барлығы көтеріледі. Келесі жыл жоғарғы құрылыстағы жұмыстарды аяқтауға кетеді, яғни рельстер, сонымен қатар биыл станциялардың бір бөлігі іс жүзінде аяқталады. Сонымен қатар бүгінде пойыздар мен жабдықтарға тапсырыс беру жұмыстары жүргізілуде", -  деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек

Айта кетейік, 2023 жылдың 30 маусымында Астанадағы LRT құрылысын жалғастыруға 50 миллиард теңге бөлінгені хабарланған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер