Отқа оранған бес періште есіңізден шығып кетті ме жұрт?!

3703
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардардың несиесін жабуға тапсырма берді. Бір емес, жүз емес, миллион адамның қиындығын шешуге. Әрине бұл Арыстағы аяқ асты апаттың жүрекке салған ауыр жүргін жеңілдетіп, жүдеу жанымызға медет болғаны жасырын емес. Себебі соңғы кезде елде болып жатқан оқиғалар жаға ұстатарлық. Мемлекетімізге қарап тұрып "Қазақстан, саған не болды?" деп аңтарылып қарағың-ақ келеді. Қайсыбірін түгендейік?... Дегенмен осы сұмдықтардың басы 4 ақпанда орын алған от құрсауында қалған бейкүнә бес сәбиден басталып еді. Бескүндік жалғанда бес баласы үшін еңбектен көз ашпаған ата-ана нан тауып күркесіне келгенде тек күлін сипап қалғаны кімге де болса оңай тимейтіні анық. Мың жерден бала құқығын қорғайтын кеңес құрылса да, 21 мыңды көпбалалы ата-аналарға қос-қостап таратса да жаралы жанға жамау да, алаң көңілге демеу де бола алмайды. 21 мың демекші басы таудай басталған әлгі 21 мың қорадағы қой ешкі мен, соқыр тауыққа дейін санауға мәжүрледі. Халықты қақ жарып, 22 мың теңге тасаң жәрдемсіз қалатын күнге жеткізді. Амал нешік, заң солай?... Қалай болмасын сол 21 мың дәл сол 5 баланы қыршыннан қимай тұрып берілуі керек еді. Бір отбасын отқа орап, адам шығыны болғасын қолға алатын биліктің бір кемшіл тұсы. Қалай болмасын өмірге құштар өрімдей бес бүлдіршіннің бес минутта отта оранғаны мәңгі жадымызда қалатыны анық. Бұл ұлттың, елдің, қала берді бүкіл ананың қайғысы!
Өкінішке орай, қара халықтың басындағы түрлі саяси, рухани һәм тұрмыстық ауыр жағдайлар бес сәбидің қасіретін топырақпен бірге көміп кеткен сияқты. Ал оқиғалар тізбегі адам жадынан шықпай, мәңгілік есте қалу үшін ескеткіштің орнатылатыны белгілі. Мысалы, Қызылағаш қырғыны ескерткішпен тарихты еске салып тұрады. Тарихты еске салу, дүрбелең туғызу, ескі жараның ауызын тырнау үшін емес, өткен қателіктен сабақ алу, болашаққа қалтысыз қадам басу үшін керек. Осы орайда тілсіз жаудың құрбанына айналған бүлдіршіндерді еске алып жүру мақсатында Мемлекетіміз Нұр-Сұлтаннан бір ескерткіш орнатуы тиіс. Бұл мәселе оқиға орын алған уақытта біраз қозғалып, кейіннен мүлдем жабылып қалды. Тіптен естен шығып кетті десек те болар. Онсыз да Ата заңды аяқ асты етіп, көзі тірісінде Елбасына ескерткіш қойған біздің бейбақ қоғамнан, бейкүнә бес сәбиге орын бұйырмауы мүмкін емес. Осылардың қасында бейкүнә бес періште ескерткішкеге әбден лайық секілді.
Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?!

 

Ақгүл АЙДАРБЕКОВА
"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер