"Біржыныстылар шеруіне қарсымыз". Қазақстандық белсенді үндеу жолдады

1021
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық белсенді Бағила Балтабаева жылда ұйымдастырылатын феминистер шеруіне қатысты жаңа ереже бекітілгенін айтып, үндеу жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай феминистік белсенді топтардың атын жамылған ЛГБТ ұйымдарының шеруіне наразылығын білдірген белсенді Бағила Балтабаева шеруге тек жалғыз адамдық пикет түрінде шығуға рұқсат алғанын айтты.

"Бірнеше жылдан бері әйел құқығы, бала құқығы деп жалған шеру атауын жамылып, ЛГБТ жалауын желбіретін жүргендерге қарсылығымды білдіремін. Енді оған жол жоқ. Әкімдікке хабарласып жалғыз адамдық пикетке шығуға ресми түрде рұқсат алдым. Енді біржыныстылардың туын ұстап шығып, басқа мақсаттағы насихат жүргізетіндерге жол жоқ" деді ол.

Сондай-ақ, ата-аналар атынан ЛГБТ атынан үгіт-насихат жүргізетіндердің ісіне қарсы екенін жеткізді ол:

"Елімізде азғын дүниелердің өршуі! Алматы қаласынан бастау алған феминисттік ұйымдардың, әйел құқығы, бала құқұғы, зорлық-зомбылық деп шеруге, маршқа, митингтерге шығып жүр, олардың нені көздеп жүргенін шерулерді толық көрсеңіз түсінесіздер! Сондықтан, біз Қазақстан Ата-Аналары Елімізде ЛГБТ ұйымдарының ашық және жасырын түрдегі үгіт-насихаттарына қарсымыз! Сондай ақ ЛГБТ-ны насихаттап жүрген феминисттердің ұйымдастыруымен өтіп жүрген марштар мен шерулеріне түбегейлі қарсымыз!" деп жазды Бағила Балтабаева.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bagilya Baltabayeva (@bagiaizere)

 

 

Пікірлер