FlyArystan жолаққа таласқан ба? Ұшақ бір апаттан аман қалды

952
Adyrna.kz Telegram

«Чиновник» Telegram арнасы Мумбай портында қазақстандық FlyArystan ұшағы Air India ұшағымен соқтығысып қала жаздағанын жазды, деп хабарлайды, “Адырна” порталы.

Мумбайдан Алматыға ұшқан қазақстандық әуе компаниясының экипажы апатты жағдайдан аман қалған. Flyarystan ұшағы әуежайға қонарда шатасып, ұшуға бет алған Air India ұшағының жолағына қарай бұрылған.

«Үнді ұшағы ұшу-қону жолағында дереу тоқтауға мәжбүр болды. Апаттың алдын алып, кейін екі ұшақ та баратын әуежайларына ұшып кетті. Үндістанның авиациялық билігі оқиғаны авиациялық апатты оқиға деп танып, тергеуді бастады», - делінген хабарламада.

Жағдайға қатысты FlyArystan компаниясы жауап берді:

«Біз 2024 жылдың 22 ақпанында FlyArystan KC7858 Мумбай – Алматы рейсі ұшар алдында болған оқиғадан хабардармыз. Әуе компаниясы Чхатрапати Шиваджи халықаралық әуежайында болған оқиғаны егжей-тегжейлі тексеру аясында фактілерді анықтаумен айналысуда», - деп хабарлады әуе компаниясы.

 

Пікірлер