"Алғыс айту" күніне орай мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында жаңа қойылым көрсетілді

769
Adyrna.kz Telegram

1 наурыз елімізде «Алғыс айту» мерекесі кең көлемдеатап өту дәстүрге айналды. Бұл күн көктемнің, жақсылықтың, жаңарудың мерекесі. Осы алғыс айту күніне орай Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры «Өмір-бірлік тарихы» атты театрландырылған қойылым қойды.

Бұл отанды құрметтеп, халықтар арасындағы достық пен бірлікті насихаттайтын, жақсылыққа шақыратын шығарма. Қойылым сонау қиын кезеңде басқаларға пана болған қазақ халқының адамгершілігі мен мейірімділігіне айтылған алғыс. Қиыр Шығыстан жүк вагондарына тиеп, қазақ даласына әкелінген корейлер талай азапты да ауыр жолды бастан кешеді. Қыс кезінде күннің суықтығынан жолды талай адам көтере алмайды. Ішер тамақ, жылы киімі жоқ олар тек қазақ халқының мейірімділігі мен қамқорлығының арқасынада ғана аман қалады.

Спектакль Корей қызының тарихты баяндауы арқылы өрбиді. Қазақстан корейлерінің қоныс аударудан бастап бүгінгі күнге дейінгі бүкіл тарихын басты кейіпкер-Қыз Тарих баяндап береді. Пластикалық шешімде қойылған ерекше баяндау, жарқын хореография, керемет вокал, есте қаларлық кейіпкерлер және барабандардың таңғажайып дүбірі. Қойылым осыдан басталады…

Қиын-қыстау кезеңде ұлы даладан пана тауып, өркендеп-өнген корей ұлтының қазақ халқына қашанда алғысы да шексіз. Олар үшін Қазақстан өз отандары, туған жерлері.

Пікірлер