Президент тапсырмасымен. Физулиде Құрманғазы атындағы орталық ашылады

810
Adyrna.kz Telegram
Фото: mail.kz
Фото: mail.kz

Әзербайжанда Құрманғазы орталығы ашылады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Мемлекет басшысының Азери-Пресс агенттігіне берген сұхбатында алдағы жоспарларымен бөлісті.

Журналистің "Бауырлас Қазақстан алдағы уақытта елімізде тағы қандай жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр?" деген сұрағына Тоқаев жауап берді.

"Біз қазірдің өзінде Қарабақтың қаншалықты серпінді түрде жанданып жатқанын көріп отырмыз. Бұл өңірде көптеген жұмыстар атқарылуда. Көлік, әлеуметтік және туризм инфрақұрылымы белсенді дамып, әуежайлар, қонақ үйлер, тұрғын үйлер мен мектептер салынуда. Әрине, бұл игілікті істен біз де қалыс қала алмадық.

2022 жылдың тамыз айында Бакуге барған сапарымда балалар шығармашылық орталығының құрылысы туралы хабарлаған болатынмын. Қазақ халқының Әзірбайжанға тартуы ретінде Физулиде Құрманғазы атындағы орталық ашылады. Менің қазіргі сапарымның бағдарламасында осы Орталықтың ресми ашылуы қарастырылған. Бұл мекеме елдеріміз бен халықтарымыздың достығының, бауырластығының және өзара қолдауының тағы бір символына айналары сөзсіз", - деді Президент.

Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта Қазақстан мен Әзірбайжан жаңа жобаларды жүзеге асыратынын айтты.

"Бұған қоса, Қазақстан Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімнің тезірек жасалуына мүдделі екенін атап өткім келеді.

Қазақстан халықаралық бітімгершілік бастамалардың бастамашысы және қолдаушысы ретінде бүкіл Еуразиялық аймақтың бейбіт және тұрақты дамуына бағытталған кез келген күш-жігерді қолдауға дайын", - деді Президент.

Қазақстан Президентінің тапсырмасымен салынып жатқан ғимарат құрылысы аяқталуға жақын.

Пікірлер