Біз ядролық соғысқа дайынбыз - Путин

877
Adyrna.kz Telegram
Фото: Кремль баспасөз хатшысы
Фото: Кремль баспасөз хатшысы

Ресей президенті Владимир Путин Ресей ядролық соғысқа техникалық тұрғыдан дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол сайлауалды үгітші Дмитрий Киселевке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сондай-ақ, Путин Украинада «жаппай қырып-жоятын қаруды қолданудың қажеттілігі ешқашан болмаған» деп қосты.

Кремль басшысының айтуынша, ұлттық қауіпсіздік доктринасына сәйкес Мәскеу «Ресей мемлекетінің өмір сүруіне» қауіп төнген жағдайда, «егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келген жағдайда» ядролық қаруды қолдануға дайын.

"Біздің триада, яғни ядролық триада кез келген басқа триадаға қарағанда заманауи. Мұндай триада тек бізде және американдықтарда бар.

Олар өздерінің барлық құрамдастарын дамытып жатыр. Біз де. Бірақ бұл, олар ертең ядролық соғысты бастауға дайын дегенді білдірмейді. Олар қалайды, бірақ не істей алады? Біз дайынбыз", - деді Путин.

Путиннің айтуынша, Америка Құрама Штаттары Украинаға әскер жіберсе, бұл қақтығыстың өршуі ретінде қарастырылады.

«Байден - дәстүрлі саясат мектебінің өкілі», - деді ол.

Пікірлер