Бүгін күн мен түн теңелді. Астрологиялық жаңа жыл басталды

1078
Adyrna.kz Telegram

Бүгін күн мен түн теңеліп,  астрологиялық жаңа жыл басталды, деп хабарлайды "Адырна".

Іс барысында бұл Наурыздың басталуы болып табылады. Күн күнтізбесін қолданатын елдерде астрологиялық есеп бойынша Наурыз мерекесін тойлауды бүгіннен бастап кетті.

Күн мен түн көктемде және күзде теңеледі. Аспан денелерінің жүрісі бойынша, солтүстік жарты шарда көктемгі күн мен түннің теңелуі  биыл 20 наурызға сәйкес келді. Күн оңтүстік жарты шардан солтүстік жарты шарға ауысқанда көктемгі күн мен түн теңеледі.

Күн мен түннің теңелу мерзімі әр жылы өзгеріп тұрады. Әдетте, әр жылдары 19 наурыз бен 22 наурыз арасында ауысып келеді.

Биылғы күн мен түннің теңелу уақыты 20 наурыз күні Астана уақытымен таңғы сағат 8-ден 6 минут уақытқа сәйкес келді. Яғни, осы сәтте Күн оңтүстік жарты шардан солтүстік жарты шарға ауысты.

Қазақстан Тәуелсіздік алған кезде 22 наурызды Наурыз мерекесі, Ұлыстың ұлы күні ретінде атап өтті. Кейіннен бұл мерекені наурыздың 21-інен бастап тойлайтын болды.

 

Пікірлер