Жылдың ең ұзақ демалысында полиция қызметі күшейтілді

666
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан полициясы Наурыз мерекесі қарсаңында күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды “Адырна” порталы.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында еліміздің тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Республикада 22 мыңнан аса полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары қызметке кірісті.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар өтетін орындарда жедел басқару орталықтарын бейнебақылау арқылы визуалды қадағалау күшейтілді. Жалпы, Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейткен.

Еске салайық, биыл Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн қатарынан демалады. Бұл 2024 жылғы ең ұзақ демалыс күндері болып белгіленді.

 

Пікірлер