Елорданың тұрғын алаптарында ауқымды мерекелік бағдарламалар өтіп жатыр

3291
Adyrna.kz Telegram

21-22 наурызда елорданың бес ауданының тұрғын алаптарында концерттік бағдарламалар өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік іс-шаралар кезінде ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіледі. Олар асық ату, қол күресі, арқан тарту, гір көтеру және т.б. мықты түрлерден сынға түседі.

Есіл ауданы бойынша мерекелік бағдарлама сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін Пригородный тұрғын алабында, Арнасай көшесі, 127 мекенжайында орналасқан №24 орта мектебінде өтті.

Нұра ауданында Үркер тұрғын алабындағы Айғыржал көшесінде орналасқан скверде арнайы концерт өтті.

Сарыарқа ауданы бойынша Көктал саябағында ұйымдастырылды.

Алматы ауданы бойынша тұрғын үй алаптарының тұрғындары Интернациональный, Мичурино, Теміржолшылар, Промышленный және Күйгенжар тұрғын үй алаптарында мерекелік бағдарламаны тамашалады.

Байқоңыр ауданы бойынша ашық аспан астындағы іс-шаралар мынадай орындарда өтіп жатыр: Қазқалашық, №55 мектеп аумағында, Жезкиік көшесі, 19 мекенжайындағы орталық алаңда; Кеншілер көшесі, 5 мекенжайындағы орталық алаңда; сондай-ақ Қоянды саяжай алабында.

Іс-шаралар қаланың барлық ірі ашық алаңдарында өткізіледі. Наурызнамның онкүндігі аясында қалада 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылып жатыр.

Қала тұрғындарының бастамасымен аулаларда киіз үйлер тігіп, дастархан жайылды. Қонақтарға самаурын шайы, ыстық бауырсақ пен палау ұсынылды.

Пікірлер